девелопмент культурных изменений

0%

16 октября 2025
Новость
Ansau

NAK компаниясы Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 21 үй салды

photo_486235.jpeg.webp

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің бизнес-қоғамдастығын шетте қалмауға және табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созуға шақырды.

Мемлекет басшысының шақыруына жауап ретінде nak (Nur Astana Kurylys) құрылыс компаниясы осы бастаманы қолдау және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 500 миллион теңге бөлу туралы жаңалықты жариялады.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп осы қаражатты Ақмола облысының Есіл қаласында 21 жаңа үй салуға бағыттау туралы шешім қабылданды.
Құрылыс ағымдағы жылдың маусым айында басталды, жер учаскесі даму перспективаларын және болашақта су басу қаупінің болмауын ескере отырып таңдалды.
Дәл 100 күннің ішінде NAK 85 шаршы метрлік жаңа 21 үйдің құрылысын аяқтады. Өз кезегінде Ақмола облысының әкімдігі инженерлік инфрақұрылымды жаңа үйлерге жеткізуді жүзеге асырды.
Кеше облыс әкімі Марат Ахметжанов қоныстанушыларға кілттерді салтанатты түрде табыс етті.
"Бұл үйлер иелері үшін жылулық, жайлылық және қуаныш орны болсын", — деді nak өкілдері кілттерді табыстау рәсімінде.