16 қазан 2025
Жаңалық
Ansau
NAK компаниясы Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 21 үй салды

Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің бизнес-қоғамдастығын шетте қалмауға және табиғи апаттан зардап шеккен адамдарға көмек қолын созуға шақырды.
Мемлекет басшысының шақыруына жауап ретінде nak (Nur Astana Kurylys) құрылыс компаниясы осы бастаманы қолдау және су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 500 миллион теңге бөлу туралы жаңалықты жариялады.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп осы қаражатты Ақмола облысының Есіл қаласында 21 жаңа үй салуға бағыттау туралы шешім қабылданды.
