Біз туралы

«НҰР АСТАНА ҚҰРЫЛЫС» ЖШС 2005 жылы құрылған.

Алғашында компания Астана және Қарағанды облысындағы әлеуметтік мақсаттағы нысандардың (мектептер, балабақшалар және т.б.) күрделі жөндеу жұмыстарына маманданған болатын.

2009 жылы компания Үркер мөлтекауданындағы бала бақша мен №19 мектептің құрылысые бастайды. Құрылыс нысандарын табысты аяқтап өткізгеннен соң, Жағалау ТМ бала-бақша және Талапкер а. 900 орындық мектеп салады. Сондай-ақ Түркістан/Орынбор көшелерінің бойындағы бала-бақша мен Айнакөл/Жұмабаев көшелеріндегі 1200 орындық мектептің құрылысы аяқталған. Осы құрылыстармен бірге Тілендиев даңғылы бойында «Көркем-авто» автоорталығының ғимараты, Алаш шоссесі бойында және Пригородный пос. техникалық бақылау орындары енгізіледі, сондай-ақ Макинск қ. қазандықтың құрылысы жүргізілуде. Көпқабатты ғимараттардың құрылысы бойынша қажетті тәжірибені жинақтап, компания қазіргі күні ҰАК кеңсесі орналасқан Нұр Тау бизнес-орталығының құрылысын бастайды.

2010 жылдан бастап компания элит класты тұрғын үйлердің құрылысын бастайды, бұл өзінің қоршалған аумағы, паркингі мен күзеті бар үлкен емес аз пәтерлі тұрғын үйлер. Бұл «Ақ бұлақ», «Арай», «Арай-2» тұрғын үй кешендері. Бүгінгі күні Орынбор көшесі және Комсомольский пос. Тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. «Нұрлы Ұя», «Zam-Zam» ірі тұрғыү үй кешендерінің құрылысы басталды.

Болашақта компания өзінің кәсібилігі мен құрылыс сапасын арттыра отырып, тұрғын үйлер, бизнес-орталықтар, әлеуметтік және мәдени мақсатты нысандардың құрылысы бойынша маманданбақшы.Бүгінгі күні компания адал ниетті құрылысшы беделіне ие болды.

Бас директор

Саламат Құатұлы Ахметов

Қарағанды облысында 1981 жылы 17 желтоқсанда туылған.

1998-2002 жылдары ҚазМЗА юриспруденция мамандығы бойынша бітірді.

Аяқтағалы бері әртүрлі жылдары коммерциялық компаниялардың басшы қызметтерінде жұмыс істеді.

2005 жылы «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС ұйымдастырды.

2014 жылы ҚР мен Орталық Азия құрылысшылар одағының вице-президенті. Фубол, ат спортымен әуестенеді.

 

«Нұр Астана Құрылыс» ЖШС директоры

Асқар Кеңесбекұлы Рахимбаев

ШҚО Тарбағатай ауданы, Ерназар а. 1960 жылы 20 қыркүйекте туылған.

1984 жылы Семей құрылыс техникумын, АӨҚ бөлімін бітірді. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек қызметін телім мастері болып бастады, ары қарай әртүрлі уақытта ҚТБ бастығы, бас инженер, ПМК бастығы болып жұмыс істеді.

2002 жылдан бастап астаналық құрылыс компаниясында жұмыс істеп жүріп, 2 мектеп, 5 бала-бақша және көп қабатты тұрғын үй кешенін пайдалануға берді.

Қаз КСР құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен, 2013 жылы ҚР құрметті құрылысшысы төсбелгісімен марапатталған.